{metadescription}
Mектеп мұғалімі каннибализмге күдікті ретінде ұсталды

Mектеп мұғалімі каннибализмге күдікті ретінде ұсталды

Берлинде 41 жастағы математика пәнінің мұғалімі кісі өлтіру және каннибализм деген күдікпен ұсталды.

Бұл іске жыныстық қанағаттану мақсатында баруы мүмкін. Неміс полициясының хабарламасында мұғалімді  "Стефан Р" деп таныстырады. Германия заңы бойынша күдіктілердің фамилиясын ресми айып тағылғанға дейін ашып айтуға тыйым салады. 8 қарашада Берлиннің солтүстігіндегі Бух саябағында серуендеп жүргендер 44 жастағы ер адамның сүйектерін тауып алған. Оның бұған дейін екі ай бойы хабар-ошарсыз кеткені мәлім болды. БАҚ өкілдері марқұмды "Стефан Т" деп таныстырған.

Криминалистер денені зерттеп, салыстырып ұқсастықтарын анықтап көрді. Полиция өкілі танымал "BZ" таблоидына мәлімдегендей, сүйектердің бірі жұмсақ тіндерден мүлдем айырылған. Стефан Т каннибалдың құрбаны болды деген күдік тудыратын басқа да белгілер бар.

Із кесуші иттер полицияны күдіктінің үйіне алып келді. Оның интернеттегі каннибализмге қызығушылық танытқаны, тиісті материалдарды іздегені, сондай-ақ жәбірленушімен онлайн режимінде сөйлескені анықталды, деп хабарлайды DPA агенттігі. Өлген кісінің мамандығы электрик, 5 қыркүйек түн ортасына кейін үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы полицияға оның жалдамалы пәтердегі көршілері хабарлады.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.