{metadescription}
Қарағандыда жігіт бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған

Қарағандыда жігіт бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған

Қарағанды ​​полициясы танысын өлтірмек болды деген күдікпен іздеуде жүрген 23 жастағы қала тұрғынын ұстады

Ол бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салып, оқиға орнынан жасырынып, жарым ай бойы іздеуде болған. Кеше тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.

«23 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 10 қазан күні болған.  Сағат 22.50 шамасында Қарағандының медициналық мекемелерінің біріне пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел жеткізілді. Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөлімінде кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу барысында полиция 23 жастағы ер адамды күдікті ретінде анықтап, іздеу жарияланған болатын. Жарақаттанған қыз 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.