{metadescription}
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы республика бойынша 129 213 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 2 013  адам қайтыс болды.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды. Коронавирус инфекциясынан бес адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бес науқас қайтыс болды. Қазір коронавирус инфекциясынан 11 816 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 781 бала бар.

Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 208 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 813 адам инфекция жұқтырды, 161 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 129 213 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 013  адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 41 756 адам пневмонияға шалдықты, 439 адам қайтыс болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде