{metadescription}
Павлодарда әйел кішкентай баласын аязда аялдамаға тастап кетті

Павлодарда әйел кішкентай баласын аязда аялдамаға тастап кетті

Соңғы жылдары әйел Тараз қаласында тұрған, кәмелетке толмаған ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.

Павлодарда кішкентай ұлын аязда трамвай аялдамасына тастап кеткен әйел ұсталды. 26 қараша сағат 20:40-та полицияға "Автовокзал" трамвай аялдамасында түр-келбеті азиялық, 8-9 айлық ұл бала табылғаны туралы хабарлама түсті. Тәртіп сақшылары баланың туыстарын іздеп табу үшін жақын маңдағы көшелерді аралап шығып, куәгерлерден сұрастырды.

"Нәтижесінде учаскелік инспекторлар Toyota Camry автокөлігін анықтады. 32 жастағы жүргізуші InDriver мобильді қосымшасы арқылы клиент тасымалдаумен айналысады. Айтуынша, сол күні ол Семей қаласынан Павлодарға кішкентай ұлы бар әйелді әкелген. Оларды автовокзалда қалдырған. Осыдан кейін полицейлер екі сағаттың ішінде күдікті әйелді ұстады", - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Анықталғандай, 33 жастағы әйелдің күйеуі жоқ, кәмелетке толмаған екі ұлы бар. Үлкен баласы Екібастұзда әжесімен бірге тұрады. Соңғы жылдары келіншек Тараз қаласында тұрған. Кішкентай ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-тармағы (Қауiптi жағдайда қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы көзделген. Ал бүлдіршін Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде