{metadescription}
Түркістан облысында жүргізуші 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен

Түркістан облысында жүргізуші 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен

Түркістан облысында жүргізуші алты жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті.

Бүлдіршін алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Кентау полициясының кезекші бөліміне жол апаты туралы ақпарат ауруханадан түскен. Өйткені, жарақат алған бүлдіршін шұғыл медициналық мекемеге жеткізілген.

Полицейлер күдіктіні Кентау қаласының іргелес ауылдарының бірінде қуып жүріп ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, көшелердің бірінде жүргізуші рульге ие бола алмай, жолға шығып кеткен алты жасар баланы қағып кеткен. Ер адам жараланған баланы ауыл дүкенінің жанына тастап, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Дүкен иесі баланы байқап қалып, жедел жәрдем шақырады.

Баланы қаққан адам қамауға алынды. Кентау полицейлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Іс "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тергелуде. Бұл үшін қылмыскер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде