{metadescription}
Елде бір айда КВИ жұқтырғандар саны 3,7 есе өсті

Елде бір айда КВИ жұқтырғандар саны 3,7 есе өсті

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят коронавирустың таралуы жағынан Қазақстан орташа қауіпті деңгейде тұрғанын мәлім етті.

«27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті бес өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Алматы қаласында да вирус жұқтырғандар өсуде. Қалған өңірлер жасыл аймақта болғанымен, коронавирус аурулары ол аймақтарда да тіркелуде. Республикада қазанмен салыстырғанда қарашада КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есе өскен. Еліміздегі барлық жағдайдың 70 пайызы – қызыл аймақта тұрған бес өңірлеріне тиесілі», - деді Ажар Ғинаят Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аймақ әкімдері қоғамдық тамақтану орындарына келушілердің санын шектеу, кәсіпкерлік және өзге де қызмет нысандарының жұмыс кестесін қысқартуға, демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату сынды қатаң шараларды қабылдаған. Ал Шығыс Қазақстанда қазан айының ортасынан бастап енгізілген шектеу шараларына байланысты қарашаның екінші онкүндігінде сырқаттанушылар саны сәл төмендеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде