{metadescription}
«Ақтөбе – Орск» трассасында апаттан 1 адам қаза тапты

«Ақтөбе – Орск» трассасында апаттан 1 адам қаза тапты

«Ақтөбе – Орск» тасжолының Қосестек ауылы маңында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды.

Жол апаты «Ақтөбе - Орск» республикалық маңызы бар тасжолда болды. «Тойота-Превия» автокөлігі мен «Лада-Ларгус» соқтығысқан. Зардап шеккен жүргізушілердің бірі, сондай-ақ 42 және 57 жастағы екі жолаушы әйел Қарғалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 54 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу басталды.

«Боранды күні сақ болған жөн. Қарсы бағытқа шығып, алдыңғы көлікті басып озу да аса қауіпті. Сонымен бірге арақашықтықты сақтауға, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне құлақ асуға кеңес береміз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.