Данияр Елеусінов қарсыласын жеңіп, IBF белбеуіне ие болды
Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.
10:26 28.11.2020
Американың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп жатқан бокс кешінде Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты. Елеусінов пен "Көк Машина" арасындағы кездесу Голливудтағы бокс кешінің андеркардында өтті. Қазақтандық боксшы бірінші және екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Данияр Елеусінов уақытынан бұрын жеңіске жетіп, IBF Intercontinental белбеуіне ие болды.
Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында өткізіп, америкалық Алан Санчесті бесінші раундында нокаутқа түсірген болатын (20-5-1, 10 КО).