Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулік ішінде сегіз адам қайтыс болды.
11:03 28.11.2020
Қазіргі уақытта 11 975 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр, оның 822-сі балалар. Стационарларда 3 294 пациент, амбулаториялық деңгейде 8 681 науқас бар. 199 адам ауыр халде, 35 адам аса ауыр хәлде, 31 адам ӨЖЖ аппараттарында.
28 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 184 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 41940, 440 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30422 жетті.