{metadescription}
Mәйітханада жатқан ер адам тіріліп кетті

Mәйітханада жатқан ер адам тіріліп кетті

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен.

Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары ауруханаға жеткізген. Жақындарының айтуынша, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше қайтыс болғанын хабарлайды. Бірақ аурухана қызметкері Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін айтады, ал олар ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген.

Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқайды. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады. Питердің айтуынша, туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.