{metadescription}
Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар.

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),

Алматы қаласында - 16033(+73),

Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),

Атырау облысында - 11616(+18),

Қарағанды облысында - 11077(+25),

Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),

Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),

Павлодар облысында - 6254(+120),

Алматы облысында - 5682(+33),

Шымкент қаласында -5361(+6),

Қостанай облысында - 5212(+85),

Ақмола облысында - 5072(+86),

Жамбыл облысында - 4411(+14),

Ақтөбе облысында -3481(+1),

Түркістан облысында - 3477(+2),

Маңғыстау облысында - 3434(+0),

Қызылорда облысында -3290(+1).

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде