{metadescription}
Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауында қалып қойды

Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауында қалып қойды

Жамбыл облысында Алматы-Термез-Ташкент тас жолында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның 12-сі балалар.

Облыстың ТЖМ мәліметтері бойынша, 28 қараша күні сағат 13:25-те Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Алматы-Термез-Ташкент республикалық жолының 576-593 шақырымында 21 көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар көмекке келді. Екі арнайы техника көлікті қар үйінділерінен шығарды. 21 көлік жолдың тазартылған бөліктеріне сүйрелді.

Жүргізушілерден ауа-райының нашарлауы, әсіресе қарлы боран, тұман және көктайғақ туралы SMS хабарлама алған жағдайда мүмкіндігінше жолға шықпауды өтінді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.