{metadescription}
Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

30 қараша күні елдің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланып отыр.

Жел күшейіп, боран болатыны хабарланды. Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, бірақ бұрқасын жүреді, деп хабарлады "Қазгидромет".

"Солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар жауады. Көптеген өңірде тұман, бұрқасын болып жел күшейеді. Солтүстік-шығыста  - көктайғақ", - делінген хабарламада. 

Дабылды ескерту

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, ал күндіз көктайғақ. 

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Түркістан облысында - тұман.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облысында да тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде минус 19-21 градус, күндіз 15-17 градус суық

Алматыда жауын-шашынсыз. Түнде минус 7-9 градус, күндіз – 2-4 градус салқын.

Шымкентте түнде – 7-9 градус, күндіз 3-5 градус нөлден жоғары.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде