{metadescription}
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады. Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді. Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;

сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;

ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;

мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;

жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;

мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.