{metadescription}
Екібастұзда ер адам 4-қабаттан құлады

Екібастұзда ер адам 4-қабаттан құлады

Екібастұз тұрғыны 4-қабаттан құлады, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға жексенбі, 29 қараша күні, сағат 03.20-да Торайғыров көшесіндегі 25-ші үйде болған.

"33 жастағы ер адам терезеден кіреберістің шатырына құлады. Альпинистік құрал-жабдық пен зембілдің көмегімен үш құтқарушы жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметіне тапсырған. Ол есінен танып қалмаған. Ер адам Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті оның неге құлағанын айтпады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адам мас болғанын жеткізді. Ол жансақтау бөлімінде алкогольдік психоз жағдайында жатыр. Еш жері сынбаған.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде