{metadescription}
Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы құттықтады

Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы құттықтады

«Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында жеңімпаз болған отандасымыз Қарақат Башанованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша Қарақат Башанова 152 ұпай жинады. Ол гранд-финалда «Forever» әнін орындады. Аталмыш музыкалық композицияны Қарақат 5 жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде