{metadescription}
Бүгін Қазақстанда – Тұңғыш Президент күні

Бүгін Қазақстанда – Тұңғыш Президент күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 2012 жылдың бірінші желтоқсанынан бері аталып өтеді.

Қазақстандықтар бүгін Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр. 2011 жылдың 10 желтоқсанында парламенттің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген өзгеріс қабылданды. Заң 1 желтоқсанда аталып өтетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеген еді. Осылайша 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.

"Тәуелсіздіктің қайнар көзі 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің тұңғыш президентін сайлап алғаннан басталған болатын. Сондықтан да, бүгін Қазақстан Республикасы өзінің Тұңғыш президентін сайлаған күн - мемлекеттік мереке күні болып бекітілді", - деген еді заң жобасын қабылдау барысында сол кездегі сенат спикері Қайрат Мәми.

Алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш президент болып сайланды. Сайлауға қатысқан дауыс беруге құқығы бар ел азаматтарының 98,78 пайызы Елбасыны жақтап дауыс берді. Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке болғандықтан, бұл күні қазақстандықтар демалады. Бүгін республикалық телеарналардан Елбасының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмдер көрсетіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде