{metadescription}
Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

Министрліктің мәліметінше, қазір ауруханаларда емделіп жатқан 232 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде отызы хәл үстінде жатыр.

Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі. Өткен тәулікте тағы 7 науқас коронавирустан көз жұмды, ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар жоқ. Бір тәулікте 68 адам пневмонияға шалдықты. Жалпы тамыздан бері 42 215 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды, 443-і көз жұмды. Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирустан 13 444 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың арасында 912 бала бар.

Стационарларда 3 586 науқас жатыр.  9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 232 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 30-ы хәл үстінде жатыр. 31 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде