{metadescription}
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды

Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды

Төтенше оқиға "Бектас-Қоныс" кен орнында болды, өрт шыққан контейнер типті жатақханада отыз адам тұрып жатқан.

Қызылорда облысы Сырдария ауданында "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 1 желтоқсанда сағат 01.34-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолының 108 шақырымында "Бектас-Қоныс" кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.

Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

"Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым  жердегі асханаға орналастырылды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде