{metadescription}
Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды

Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды

Ұлыбритания тұрғыны арманындағы тойды өткізу үшін ауыр дертке шалдыққанын айтқан.

Рактың соңғы деңгейі деп жұрттан қаражат жинады. 29 жастағы Тони Стенден шашын тақырлап алып тастап, бейнеүндеу жариялады.

"Қатерлі ісік менің басыма, сүйектеріме, барлық жеріме жетті", - деді ол.

Мұны естіген достары Стенденге 8 мың фунт стерлинг (шамамен 5 млн теңгеге жуық) жинап берді. Жас жұбайлар тойдан соң Түркияға бал айына аттанған. Кейін Стенденнің өтірігі әшкере болды.

"Ол мұндай актерлік шеберлігі үшін Оскарға лайық. Бәрімізді алдап соқты", - деді таныстарының бірі. 

Алаяқтық жасағанын мойындаған соң Стенден түрмеге қамалуы мүмкін. Сот бар ақшаны қайтаруға міндеттейді деген болжам жасалып отыр.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде