{metadescription}
Жүргізуші куәлігіне байланысты жаңашылдық қалай жүзеге асырылады 

Жүргізуші куәлігіне байланысты жаңашылдық қалай жүзеге асырылады 

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді. Парламент мәжілісі жол жүру ережесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа нормаға сәйкес, көлік жүргізушілері өзімен бірге тек жеке куәлігін ғана ұстап жүре алады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, көлікке қатысты барлық құжаттар электронды форматта тексеріледі. 

"Қазір өзіңіз жақсы білесіздер, полиция органдарының техникалық жағдайы жақсы, жолдағы барлық әкімшілік құқықбұзушылықты планшет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік бар. Хаттамалардың бәрі солай жасалады. Ал жол ережесін бұзған адамға қатысты барлық дерек ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасынан алынады. Полиция оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді де, барлық мәліметті көре алады. Көлікке қатысты деректер де солай. Мемлеттік тіркеу нөмірін енгізсе жеткілікті", - деді Қожаев мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, кейбір жерлерде интернет дұрыс ұстамайды. Ондайда қажетті мәліметті деректер базасынан автоматты түрде алу қиын. Дегенмен, полицейлер радиобайланысты пайдалана алады. 

"Біз рация арқылы шұғыл басқару орталығына немесе кезекшілік бөліміне көлік иесі туралы мәліметті береміз де, бір-екі минуттың ішінде сол жерден қажетті деректі аламыз. Осылайша, тексеріс жүргізіледі. Сондықтан проблема жоқ. Біз жаңа бастаманы іске асыруға дайынбыз ", - деп атап көрсетті Қожаев.

Айта кетейік, шетелдіктер мен шетел көліктері үшін тәртіп өзгермейді. Өзге елдің азаматтары бұрынғыдай көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруге міндетті. Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде