{metadescription}
Жоғары оқу орындарына қатысты жаңа әдістеме жасалмақ

Жоғары оқу орындарына қатысты жаңа әдістеме жасалмақ

Білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарына студенттерді оқытатын жаңа әдістеме ұсынылады. 

«Өкінішке қарай, жоғары оқу орындарының көбінің қолданатын әдістемелері күмән туғызады. Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға оның уақыт табуы қиынға түседі. Сондықтан жақын арада министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады», - деп жазды Білім және ғылым министрі.

Министрдің айтуынша құрамында сарапшылар, жоғары оқу орындарының проректорлары мен оқытушылар бар жұмыс тобы бұл мәселеге жұмылдырылған.

«Жүктемені бірден автоматты түрде төмендету қалаған нәтижеге жеткізбейді. Кейбір оқу орындары оқытушылардың жүктемесін бірден 400-500 сағатқа дейін төмендеткен болатын. Бұл ретте ЖОО-дағы жалпы сағат көлемі азаймады, керісінше қосымша оқытушыларды жұмысқа қабылдау қажеттігі пайда болды. Себебі, бір оқытушыға берілетін ставка көлемі 1,5-тен аспауы керек. Нәтижесінде университет біліктілігі төмендеу оқытушыларды жұмысқа алуға мәжбүр болды. Әрине, мұның оқу сапасына кері әсер еткенін айтпаса да түсінікті. Дегенмен, бұл мәселені шешуіміз қажет. Оны кезең-кезеңмен және жүйелі түрде шешеміз», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде