{metadescription}
ШҚО коронавирус бойынша «қызыл аймақтан» шықты

ШҚО коронавирус бойынша «қызыл аймақтан» шықты

Шығыс Қазақстан облысы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «қызыл аймақтан» шықты.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Құрметті жерлестер!

Ортақ күш-жігеріміздің және ШҚО тұрғындарының жоғары жауапкершілігінің арқасында біз COVID-19 инфекциясының таралу деңгейін төмендете алдық.

Бүгінде аймақта коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеді. Қарашаның басымен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, кеше 73 құрады.

Ең бастысы, облысымызда коронавирусты Оқшаулау орталығы арқылы вирустың жұқтыру тізбегін бақылау және тосқауыл қою жүйесі құрылды. 1 қарашадан бастап 584 медэпид топтар инфекцияның 3,5 мың ошағында байланыста болған 21 618 адаммен жұмыс жүргізді.

Сондай-ақ, COVID-19 уақтылы анықтап, емдеу үшін қолданыстағы 13 ПТР-зертханасына жергілікті бюджет есебінен қосымша 6 қостық. Алдағы күндері тағы біреуі ашылады. Пандемия басталғаннан бері ШҚО-да 355 мың тест өткізілді, оның ішінде тек қарашада 101 095 мың зерттеу жүргізілді. Бұл ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі.

Мониторингтік топтар да тиімді жұмыс атқарды. 1 қарашадан бастап 166 топпен 1906 рейд жүргізілді, 4426 нысан тексерілді, оның 1055-інде бұзушылықтар анықталды, 48 миллион теңгеге 735 айыппұл салынды.

Дәрігерлеріміз тұрақты негізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу схемасын өзектендіру жұмысын жүргізуде. 12 қарашадан бастап науқастардың келісімімен облыстың ауруханаларында "Фавипиравир" препараты қолданылуда. Нәтижесі жақсы, сырқаттан сауыққан азаматтар саны артты. Сонымен қатар, донорлардың көмегімен жиналған 3200 иммундық плазма да белсенді түрде қолданылып жатыр.

Осы және басқа да шаралардың арқасында біз коронавирустың «сары аймағына» кірдік. Бұл қолданыстағы шектеулерге бірқатар жеңілдіктер енгізуге мүмкіндік береді. Алайда әзірге қауіпті дерттен қорғайтын вакцина жоқ, сондықтан КВИ-ден ең сенімді қорғаныс – сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық екенін ұмытпау керек. Біздің қазіргі басты міндетіміз – вирустың таралуына жол бермеу, медициналық мекемелердің тиімділігін арттыру және халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Өзіңіз бен жақыныңызға қорған болыңыз!», - деп жазды әкім.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде