{metadescription}
Алматыда жігіт ғашығы үшін шатырдан секірмек болды

Алматыда жігіт ғашығы үшін шатырдан секірмек болды

Алматыда дүкен шатырына шығып, секірмек болған ер адам құтқарылды.

21 жастағы жігіт төбеден секіремін деп қорқытқан. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінде болған.

«21 жастағы жігіт дүкен төбесіне шығып, секіруге оқталған. Алайда, құтқарушылар қайғылы жағдайды алдын алды. Жас жігіт осы дүкенде жұмыс істейтін ғашығының назарын аударғысы келген», - деді баспасөз қызметінен.

Бұл дерек ҚР ҚК 105- бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде