{metadescription}
Жақында Қордайда коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Жақында Қордайда коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін зауыт зауыт осы жыдың аяғында іске қосылады.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен індетке байланысты біздің Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Ол жерде мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде институт бар. Олар қазір бруцеллезге, дерматитке, құс тұмауына байланысты вакцина шығарады. Қазір енді ол жерде жаңа зауыт бой көтеруде. . «Super-Pharm» зауытында бүгінде 330-ға жуық жұмысшы жұмыс істейді, 300-ге жуық түрлі медициналық құрал шығарылады. Сондай-ақ, экспресс-тест шығаратын зауыт бар, оған жеке кәсіпкер 2 млрд-тан астам қаражат жұмсады. Ол зауыт жылына кем дегенде 30 миллионнан 60 миллион дозаға дейін коронавирусқа қарсы вакцина шығарады», - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жоспар бойынша осы жылдың аяғында зауыт іске қосылмақ.

«Келесі жылы наурыз айында вакцина шығарады. Үкіметтің көмегі мен қолдауы бар. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдау үшін ол жерде тұрғын үй салынып жатыр. Бірінші 90 пәтерлік тұрғын үй келесі жылы пайдалануға беріледі. Қалған 2 үйдің құрылысын келесі жылы бастаймыз. Осындай вакциналарды шығару үшін жақсы мамандарды тартуымыз керек. Сондықтан қазір сонда жұмыс істейтін мамандардың жалақысын көтеру мәселесі пысықталып жатыр», - деді ол.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде