{metadescription}
Шығыс Қазақстанда карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстанда карантин ұзартылды

ШҚО-дағы карантиндік шаралар 17 желтоқсанға дейін ұзартылатын болды.

Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаев қол қойған қаулыда айтылған.

"Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен тұрғындардың жұрыс тұрмысын шектеу шараларын 4 желтоқсан сағат 00.00-ден 2020 жылғы 17 желтоқсан сағат 00.00 - ге дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Қалалар мен аудандардың әкімдеріне облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекарасын сақтау тапсырылды. Облыстағы 24 санитарлық бекет өз жұмысын жалғастырады. Өскеменге азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынған. Бұл ретте облыс орталығында болуды қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етіледі.

"Фитнес-орталықтар, моншалар мен сауналар (толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс), кітапханалар, мұражайлар жұмыс күндері қайта ашылады. Ғимараттардан тыс орналасқан мұз айдындарына киім ауыстыру және келушілерге арналған үй-жайларды жаба отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Медицина орталықтары, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді", - делінген қаулыда.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде