{metadescription}
Құпия деректерге қауіп төніп тұр: Жалған онлайн ойынның сілтемесі таралып жатыр

Құпия деректерге қауіп төніп тұр: Жалған онлайн ойынның сілтемесі таралып жатыр

Қолданушылар бөлісіп жатқан сілтеме ойынның порталына емес, жеке деректерді иемдене алатын фишингтік сайтқа кіргізіп жібереді.

Әлеуметтік желіде Amazon компаниясы жүргізіп отыр делінген онлайн ойын туралы ақпарат таралып жатыр. "Ойын" ережесіне сәйкес, қатысушылар қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтып алуы мүмкін. Алайда қолданушылар таратып жатқан "ойынның" сілтемесі фишингтік сайтқа алып барады.

"Бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Оның бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кірмек болғанда автоматты түрде фишинг туралы ескерту шығады, ал сервермен байланыс қорғалмаған", - делінген хабарламада.

Сарапшылардың мәліметінше, алаяқтар осындай интернет-платформалар арқылы сайтқа кірушілердің жеке деректерін –аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етіп жатыр, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады. Фишинг – интернет алаяқтығының бір түрі, оның мақсаты – қолданушының құпия деректеріне, атап айтқанда, логиндер мен парольдерге қол жеткізу.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде