{metadescription}
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы 133 887 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 056 адам қайтыс болғаны хабарланып отыр.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Қазір 35 науқас аса ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Екінші желтоқсанда коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды. 

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 827 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 218 адамның жағдайы ауыр, ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 31 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 769 адам инфекция жұқтырды, 8 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 133 887 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 056 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 42 455 адам пневмонияға шалдықты, 446 адам қайтыс болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде