{metadescription}
2021 жылы зейнетақы қорының сыйақы мөлшері қанша болатыны жарияланды

2021 жылы зейнетақы қорының сыйақы мөлшері қанша болатыны жарияланды

Қазақстан ұлттық банкінің басқармасы жыл сайын зейнетақы қорына арналған комиссия мөлшерін бекітеді.

2021 жылы бірыңғай зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы қаншаға азаятыны белгілі болды.

Ұлттық банк басқармасы мөлшерін бекітті:

  • инвестициялық табыс сомасының 2,0%-і;
  • зейнетақы активтерінің айына 0,01%-і.

"БЖЗҚ үшін комиссиялық сыйақы мөлшері инвестициялық табыстан 7,5%-тен жоғары емес және зейнетақы активтерінің айына 0,025%-і мөлшерінде бекітіледі", - деді зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей мөлшер белгіленеді:

  • инвестициялық табыс сомасынан - 3,75 есе;
  • зейнетақы активтерінен - 2,5 есе.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық банкпен бірге жыл сайын қордың шығыстарын оңтайландыру және комиссиялық сыйақы мөлшерін азайту жұмысын жүргізеді. БЖЗҚ комиссиясының мөлшерін жыл сайын Ұлттық банк анықтайды. 2020 жылы комиссия мөлшері инвестициялық табыстың 5%-тінен 2%-ке дейін төмендеді. Ал зейнетақы активтерінен айына 0,015%-тен 0,011%-ке азайды.

Заңға сәйкес, зейнетақы қоры комиссиялық сыйақының екі түрін де алып, барлық шығындарды жабады. Қордың жеке капиталының өсуі және жеке активтерді инвестициялау арқасында комиссиялық сыйақы мөлшері төмендей түседі.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.