{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакциналар тиеген жүк көлігі суретке түсіп қалды

Коронавирусқа қарсы вакциналар тиеген жүк көлігі суретке түсіп қалды

Pfizer компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясын тиеген жүк көліктері Ұлыбритания көшелерінің бірінде суретке түсірілген.

Pfizer компаниясының Ұлыбританиядағы менеджері Бен Осборн тауарды тасымалдау кестесі бұрын әзірленгенін, ал бұл жүк сол кестеге сай жеткізіліп жатқанын айтты.

«Процесс басталды. Жақын күндері шамамен 800 000 дозаны жібереміз деп жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Ұлыбритания - Pfizer-дің коронавирусқа қарсы вакцинасын жалпыға қолдануға мақұлданған алғашқы ел. Дәрі-дәрмек пен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу агенттігі (MHRA) коронавирусқа қарсы 95% қорғауды қамтамасыз ететін вакцинаның қауіпсіз екенін айтты.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.