{metadescription}
Талдықорғандағы жарылыс: тағы бір әйел ауруханада көз жұмды

Талдықорғандағы жарылыс: тағы бір әйел ауруханада көз жұмды

Талдықорғанның көпбейінді қалалық ауруханасында жер үйдегі газ баллоны жарылысынан зардап шеккен әйел көз жұмды. 

Бірнеше күн бұрын марқұмның  14 жастағы ұлы да қаза болған еді. Еске сала кетейік, 27 қарашаға қараған түні жер үйде газ баллоны жарылып, сегіз адам ауруханаға түсті. Әлеуметтік желіде бір апта бойы ес-түссіз жатқан және жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған әйелдің өлімі туралы ақпарат тарады. Суыт хабарды кейінірек облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады.

"Реанимациялық шаралар еш нәтиже берген жоқ. Жүректің қызметі қалпына келмеді. 1972 жылғы пациент бүгін сағат 9.15-те көз жұмды. Әйел ауруханаға өте ауыр хәлде түскен еді. Денесінің 80-82%-ін, жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған. Осы уақыт бойы ол жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылулы болды", - деп мәлімдеді Талдықорған қаласының көпбейінді ауруханасының директоры Жұмахан Молдақұлов.

Марқұм бұған дейін көз жұмған 14 жастағы жасөспірімнің анасы екені нақтыланды. Екі науқас та есін жимастан жан тапсырған. Облыстық басқарманың баспасөз қызметі жарылыстан зардап шеккен қалған пациенттердің жағдайы туралы ақпарат берді.

"Екі науқастың (1951 және 1970 жылғы) беті бері қарап келеді, олар травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Бір ер адам жансақтауда жатыр, оған операция жасалады. Тағы екі баланың жағдайы жақсарып келеді", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде