{metadescription}
Кешкі тоғыздан кейін үйден шығуға болмайды: облыста жаңа қаулы шықты

Кешкі тоғыздан кейін үйден шығуға болмайды: облыста жаңа қаулы шықты

Шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға баруды қоспағанда барлық тұрғынға, сағат 21.00-06.00-ге дейін шықпау ұсынылды.

Ақмола облысында азаматтарға кешкі сағат тоғыздан кейін үйден шықпау ұсынылды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның облыс аумағында карантиндік шектеу шараларына байланысты қаулысында көрсетілген. Қаулыға сәйкес, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға баруды қоспағанда барлық тұрғынға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға үйінен сағат 21.00-06.00-ге дейін шықпау ұсынылды.

Сонымен қатар облыс аумағында жол жүру құжаттарын, тауар құжаттарын, іссапар қағазын, медициналық мекемеге жолдаманы, редакциялық тапсырмаларды растайтын құжат көрсеткен кезде санитарлық бекеттерден кедергісіз кіріп/шығуға рұқсат беріледі:

  • медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және шығатын адамдарға;
  • транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларына;
  • вахта қызметкерлерін тасымалдайтын автокөліктерге;
  • Covid-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған көлік пен адамдар, ұйымдарға;
  • өңірдің тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға;
  • ПТР әдісімен Covid-19 тестілеуінің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда, Ақмола облысында тұрмайтын адамдарға;
  • Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрақты тұратын жеріне оралған тұрғындарға;
  • қызметтік куәлігін көрсеткен аумақтық сайлау комиссиясының өкілдеріне.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 134 706 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 063 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 42 680 адам пневмонияға шалдықты, 448 адам қайтыс болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.