{metadescription}
Алматы коронавирус таралуы бойынша «сары» аймақтан шықты

Алматы коронавирус таралуы бойынша «сары» аймақтан шықты

«Сары» аймақта Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау облысы бар.

Қалған өңірлер коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа кіреді. Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймағынан шықты. Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы сайтының мәліметінше, 4 желтоқсанда Алматы қаласы Covid-19 таралуы бойынша «сары» аймақтан шықты, енді қала «жасыл» аймақта тұр.

Бұдан бөлек, «қызыл» аймақта Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау облысы бар. Қалған өңірлер коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа кіреді.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 134 706 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 063 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 42 680 адам пневмонияға шалдықты, 448 адам қайтыс болды. Алматыда кейінгі тәулікте 64 адам инфекция жұқтырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.