{metadescription}
Қостанай облысында үй өртеніп, 2 бала қаза тапты

Қостанай облысында үй өртеніп, 2 бала қаза тапты

Қостанай облысының Денисов ауданында тұрғын үй өртеніп, 2016 және 2018 жылы туған екі бала көз жұмды.

Қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні Денисов ауданының Фрунзенское ауылында болған. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаевтың айтуынша, сағат 14:00 шамасында ата-анасы балаларын қалдырып, көрші ауылға азық-түлік сатып әкелуге кеткен.

«Олар сағат 16:00 шамасында үйлеріне оралған. Өртеніп жатқан үйден екі баласын алып шығып, дереу фельдшерлік пункттен медицина қызметкерлерін шақырады. Сондай-ақ оқиға орнына «Фрунзенское» ЖШС тиесілі өрт сөндіру құрылымы тобы келген. Дәрігерлердің сөзінше балалар сағат 17:15-те көз жұмды», - деді А.Орымбаев.

ТЖД мамандарының болжамына сүйенсек, балалар жатын бөлмеде сіріңке жағып ойнаған. Өрт басталған кезде олар қорқып, басқа бөлмеге тығылған. Балалар көмірқышқыл газына тұншығып қалуы мүмкін дейді өрт сөндірушілер. Жыл басынан бері Қостанай облысында өрттен 4 бала қаза болды. Құтқарушылар қостанайлықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.