{metadescription}
Министр қандай жағдайда туды балконға іле алмайтынын айтты

Министр қандай жағдайда туды балконға іле алмайтынын айтты

Мәдениет министрлігі мемлекеттік туды пайдалану ережелерін түсіндірді.

Жуырда қазақстандықтарға мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат етілген болатын.

"Қазақстанның мемлекеттік туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді", - деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол мемлекеттік туға қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып есептелетінін атап өтті. Айтуынша, мемлекеттік ту ұлттық стандарттарға сәйкес келмесе, ол Қазақстан үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды", - деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысының сөзінше, қазақстандықтарға туды бір қабатты және көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі беріледі. Бұдан бөлек, азаматтар туды ғимараттарда тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбай пайдалана алады. Министр бұл өзгерістер мемлекеттік тудың қолданылу аясын едәуір кеңейтетінін атап өтті.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.