{metadescription}
Алматыда ер адам бензин құйып, өз-өзін өртемек болған

Алматыда ер адам бензин құйып, өз-өзін өртемек болған

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне «102» жедел қызметiнен «Шымбұлақ көшесi, 10» мекенжайында 1983 жылы туған ер адамның өзiне және көлiгiне бензин құйып, өртеймін деп қоқан-лоқы көрсетiп жатқандығы туралы хабарлама келiп түстi.

«№5 мамандандырылған өрт сөндipу бөлiмiнiң өрт сөндipушiлерi көліктің дабылын қоспай оқиға орнына келгенде, Медеу аудандық Полиция басқармасының жергiлiктi полиция қызметiнiң қызметкерлерi өзiне қол салмақ болған aдаммен келiccөз жүргiзiп жатты. Кезекшi қарауыл бөлiмшесi жедел түрде өрт оқпандарын жiберуге ыңғайланды. Полиция қызметкерлерiнiң берген командасынан кейiн, өрт сөндipушiлер өзiн өртемек болған азаматқа су шашып, құтқарып қалды», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдай департаментінен.

Өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерінің пәрменін күтіп отырып, ер адамға күтпеген жерден су шашып, суицидтің алдын алды.  

«Оқиға орнына келгенiмiзде ер адамның күйзелicке түскенін байқадық. Ол азаматпен әңгiмелесіп, уақытты барынша созуға тырыстық. Жылдам жеткен өрт сөндірушілерді өзіне қол жұмсамақ болған тұрғын байқап қалмау үшiн бар күшімiздi салдық», - деп атап өттi полиция аға лейтенанты Сәкен Жүнicбай.

Құтқару жұмысына Медеу аудандық полиция бөлімінің 10-нан астам қызметкері, жедел жәрдем бригадасы, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде