{metadescription}
Шахтадағы жарылыстан 24 кенші жер астында қалды

Шахтадағы жарылыстан 24 кенші жер астында қалды

Қытайдың Чунцин қаласының Юнчуань ауданындағы Дяошуйдан көмір шахтасында газ жарылысы болып, 24 кенші жер астында қалып қойды.

Алдын ала болжам бойынша, көмір шахтасында тұншықтырғыш газдың мөлшері артып кеткендіктен жарылыс болған. Қамалып қалған кеншілерді құтқару операциясы ұйымдастырылды.

2013 жылдың наурызында осы шахтада қайғылы жағдай болып, күкіртсутекке уланып үш адам ажал құшты, тағы екеуі зардап шеккен еді. Дяошуйдан шахтасы 1975 жылы салынған, жылдық өндіріс көлемі – 120 мың тонна. 1998 жылы шахта жекешелендірілген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде