{metadescription}
Парламент жаңа шақырылымының алғашқы сессиясы өтеді – қаулы шықты

Парламент жаңа шақырылымының алғашқы сессиясы өтеді – қаулы шықты

Жиын 2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Жиын 2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайтынын мәлімдеген болатын. Ол мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін берген сұқбатында реформалар әзірленіп жатқаны туралы айтты. 15 қаңтарда парламентте, соның ішінде мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайтынын жеткізді. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Президент ол жерде реформаларға қатысты өте маңызды әңгіме болатынын атап өтті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде