{metadescription}
Елордада сауда орталығында өрт шықты

Елордада сауда орталығында өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталығының шатырын қызыл жалын шарпып, өрт 13 минуттан кейін сөндірілді.

Бейсенбі күні таңертең Нұр-Сұлтандағы "Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл) аймағында сауда үйінің шатыры отқа оранды. Өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне сағат 8.59-да Мәмбетов көшесіндегі 1 үй мен Оқушылар сарайының жанындағы сауда шатыры өртеніп жатыр деген хабарлама түскен.

"Бүгін таңертеңгі сағат 08.59-да Мәмбетов көшесі, 1 ауданында, Оқушылар сарайына жақын маңда өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде сауда дүңгіршегінің өртеніп жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын сағат 09.12-де сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 11 маманы жұмылдырылды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен.

Сағат 9.12-де өрт толық сөндірілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде