{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы Қазақстанда 165 311 адамда коронавирус анықталды.

2 380 науқас көз жұмғаны хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болғанын хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері республика бойынша 3 адам коронавирустан, ковидтік пневмониядан 2 адам көз жұмды. Бір күн бұрын қайтыс болғандардың саны екі есе артық тіркелген.

13-14 қаңтар аралығында коронавирус 834 адамда анықталса, ковидтік пневмония 91 адамда тіркелді. Қазіргі кезде 23 608 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олар: 

  • 11 759 науқас (КВИ+) 
  • 11 849 науқаст (КВИ-) 

Стационарларда 5 850 пациент жатыр. Ал 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. Науқастардың жағдайы әртүрлі. 

  • 272 адамның жағдайы ауыр;
  • 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр;

Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда 165 311 адамда коронавирус анықталды. 2 380 науқас қайтыс болды. Бұдан бөлек, өткен жылдың тамыз айынан бері коронавирусқа ұқсас пневмония да тіркелді. Осы диагноз 46 590 адамға қойылды, 532 науқас көз жұмды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде