{metadescription}
Елордада жеке тұрғын үй жанып кетті

Елордада жеке тұрғын үй жанып кетті

Елордада жеке тұрғын үйдегі өрт бір сағаттан астам уақыт сөндірілді.

«Бүгін сағат 09:48-де ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Бозшолақ көшесі, 8 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде шамамен 100 шаршы метр аумақта жеке үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында өрт сағат 10.41-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 3 бірлік техника мен жеке құрамның 20 адамы жұмылдырылды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.

Ведомство мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады.

«Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз, тұрмыстық және басқа техниканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтаңыз, электр сымдарының оқшаулағышы зақымданған құралдарды пайдаланбаңыз», - деді ТЖД-дан.

Еске сала кетейік, бүгін елордада сауда орталығында өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде