{metadescription}
Елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі 2 наурызда күтіледі

Елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі 2 наурызда күтіледі

Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі күтілетін кезеңді атады.

Ол өзінің Facebook парақшасында жазғандай, Вашингтон университетінің Медициналық метрика және бағалау институтының (IHME) мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы ауруының шарықтау шыңы 2 наурызда болады деп күтіледі.

"Дегенмен, инфекциялар деңгейі өткен жаздағы ең жоғары деңгейге қарағанда 45 пайызға төмен болады деп болжанады. Сондықтан мүмкіндігінше мұқият болып, әсіресе алдағы айларда: бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, әсіресе, адамдары көп желдетілмейтін тар бөлме мен орындардан аулақ болыңыз, ұйқыңызды әбден қандырып жүріңіз, жақсы тамақтаныңыз және физикалық тұрғыда белсенді болуға тырысыңыз", - деп атап өтеді ол.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде