{metadescription}
Қызылордада көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылордада көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда облысында ірі көлік апатынан 5 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Еңбек министрлігі. 

13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-қа тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері және «СПМК» ЖШС 2 жұмыскері қаза тапты. 

Оқиға орнынан «жедел жәрдем» қызметі жоғарыда аталған компаниялардыңзардап шеккен 8 жұмыскерін қалалық ауруханаға жеткізді, олардың ішінде ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері көз жұмды, «СПМК» ЖШС-нің 1 жұмыскері ауруханада қайтыс болды, «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмыскері реанимация бөлімшесіне жатқызылды, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды. 

ЖКО салдарынан жалпы 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда облысындағы Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алған, нәтижесінде 5 адам қаза тапқан ірі ЖКО-ның мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрды. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде