{metadescription}
Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

Алматы маңында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында "Алматыгипрогор-1" компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев айтты. Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын бұған дейін "Қазақстан темір жолы" компаниясы ұсынған болатын. Бұл ұлттық компания үшін қосымша станция жүк ағынын түсіру үшін қажет.

"Сондай-ақ, бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда Станция бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары қалаға Алматы-2-ге кірмей-ақ келе алады. Осылайша, біз негізгі вокзалдың жүктемесін азайтамыз", - деді Сатыбалдиев.

Сатыбалдиев Алматыдағы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым екенін айтты. Ол торапқа Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде