{metadescription}
Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы сайланды

Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы сайланды

Мәжіліс басшысының кандидатурасын мақұлдау рәсімі депутаттар арасында жасырын дауыс беру арқылы өтті.

Парламенттің жетінші шақырылымының жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы болып сайланды. Палата отырысында мәжіліс басшысының кандидатурасын мақұлдау рәсімі депутаттар арасында жасырын дауыс беру арқылы өтті. Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын мәжілістің ішінде 100 депутат қолдады, қарсы дауыс бергендер жоқ.

Нығматулинді мәжіліс құрамына кірген үш партия өкілі де қолдады. Айта кетейік, бұған дейін Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Сонымен қатар мәжілістегі Nur Otan фракциясының отырысында Нұрлан Нығматулин фракция басшысы қызметіне сайланды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.