{metadescription}
Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына бекітілді

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына бекітілді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.

10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын. Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.