{metadescription}
ШҚО мен Түркістан облысында карантин ұзартылды

ШҚО мен Түркістан облысында карантин ұзартылды

Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды, деп хабарлайды коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Дереккөз мәліметінше, Түркістан облысында карантин коронавирус бойынша жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылса, ШҚО-да карантин 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Түркістан мен ШҚО бас санитар дәрігерлері қаулыларға қол қойды.

ШҚО бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың қаулысында өңірде карантин 18-31 желтоқсан аралығында екені және ол мерзім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылған. ШҚО-дағы карантиннің ұзартылғаны туралы толығырақ мына жерден көре аласыздар.

Ал Түркістан облысының бас санитарь дәрігері Нұрбек Нышанов қаладағы шектеулерді коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған. Түркістан облысында карантиннің ұзартылғаны туралы толығырақ мына жерден көре аласыздар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.