{metadescription}
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады

Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады

Алматылық полицейлер бұрыш баллонымен тәртіп сақшысына шабуылдаған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларына қарағанда, егде жастағы ер адам қызметкерлердің біріне көзашытқыш баллоннан сұйықтық шашқан. Ал видео сипаттамасында екі жыл бойында өз баласымен көрісе алмай жүрген қазақстандық келіншектің оқиғасы баяндалады. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылғанын айтты. Бұл жағдай бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті іс жүргізеді.

«7 желтоқсанда учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ ювеналды полиция инспекторлары сот шешімін орындау мақсатында ішкі істер органы қызметкерлері, сот орындаушысы және қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілімен бірге 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызды 1994 жылы туған анасының үйіне апару мақсатында барған. Осы кезде үйде баланың 1954 жылғы атасы болған. Ол полиция қызметкерлеріне тап беріп, жеке сот орындаушыларына бұрыш бүріккішін қолданған», - дейді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.