{metadescription}
Kоронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
10:12 16.01.2021
16 қаңтардағы жағдай бойынша, 24 065 науқас коронавирустан ем алып жатыр. 6 145 науқас стационарда жатса, 17 920 науқас амбулаторлық ем алып жатыр.
- 290 науқас - ауыр жағдайда;
- науқастардың 70 пайызы - аса ауыр жағдайда;
- жасанды тыныс алдыру аппаратында - 46 науқас.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты. Жалпы, 1 тамыздан бастап коронавирустық пневмонияға 46 737 адам шалдықты, оның ішінде 34 422-сі жазылып шықты, қайтыс болды – 534 науқас.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ