{metadescription}
Иесі көлікке байлап сүйреген Атыраулық ит Алматыға жіберілетін болды

Иесі көлікке байлап сүйреген Атыраулық ит Алматыға жіберілетін болды

Қаңтардың басында иесі көліктің артына байлап алып сүйреген атыраулық ит Алматыға жіберілді.

Ауыр жарақат алған итке бір аптадан бері қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Еріктілердің қарауында болған иттің жағдайы жақсарған.

"Осыған дейін ол тіпті орнынан тұра алмайтын. Қазір өзі тұрып, тіпті құйрығын бұлғаңдата алатын болды. Енді ит алматыдағы иесімен бірге тұрады. Жаны жылы адамдардың арқасында біз 800 мың теңге жинадық. Біз бұл қаражатқа ветеринарлық клиникадағы қарыздарды жауып, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектер сатып алдық" , - деді Атырау еріктілер ұйымының жетекшісі Венера Манасова.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде итті көліктің артына байлап сүйреген видеосы пайда болғаннан кейін полиция жүргізушіні іздей бастады. Көп ұзамай ол ұсталды. Құтқарылған ит аман қалды. 

Еске салайық, Атырауда орталық көшелердің бірінде көліктің артына байланған итпен жол жүрген жүргізуші ұсталған.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде